Ұйым басшыларына (жер қойнауын пайдаланушыларға)

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 779 және 787-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 505 бұйрығын орындау мақсатында, есепті тоқсан үшін жер қойнауын пайдаланушылар өндірген қатты пайдалы қазбалардың нақты көлемі туралы мәліметтер нысаны бекітілген және тиісті есептілікті ұсыну көзделген. 
Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған есептілікті қабылдау бойынша функционал әзірлеу сатысында.
Осыған байланысты, тиісті функционал өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін, жер қойнауын пайдаланушылардан есептілік қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде қолма қол қабылданады.

Дата публикации
15 апреля 2026