Қазақстан Республикасының геологиялық саласын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асырудың 33-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының стратиграфиялық кодексі әзірленді.

Қазақстан Республикасы стратиграфиялық кодексі геологияның қазіргі жетістіктерін және қалыптасқан дәстүрді ескере отырып жасалды. Ол республиканың стратиграфиялық қызметі жұмысын ұйымдастыруды және біріздендіруді қамтамасыз ететін, геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін тиісінше жүргізуге ықпал ететін және геологиялық карталар мен құжаттардың сапасын арттыратын нормативтік геологиялық құжат болып табылады. Қазақстан геологиялық құрылысының ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми зерттеу және далалық геологиялық материалдарды пайдаланып жасалды. Қазақстан аумағында геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу кезінде терминдер мен аталымдардың мазмұнын айқындайтын бірыңғай қағидаларды қолдануды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық мекемелер геологиялық барлау жұмыстарының кез келген түрін жүргізген кезде осы стратиграфиялық кодекстің талаптарын орындауға міндетті.

Дата публикации
02 февраля 2024