Қазақстан Республикасының геологиялық саласын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асырудың 33-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының петрографиялық кодексі әзірленді.

Қазақстан Республикасының геологиялық саласын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асырудың 33-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының петрографиялық кодексі әзірленді.

Қазақстан Республикасы Петрографиялық кодексі геологияның қазіргі жетістіктері мен қалыптасқан дәстүрлерін ескере отырып құрастырылған. Бұл республика петрографиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыруды және біріздендіруді қамтамасыз ететін, геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін дұрыс жүргізуге ықпал ететін және геологиялық карталар мен құжаттардың сапасын арттыратын нормативтік геологиялық құжат. Ол негізінен Халықаралық геология ғылымдары одағының ұсыныстарын ескере отырып, кеңестік кезеңнен бері дәстүрлі түрде қолданып келе жатқан Россияның Петрографиялық кодексіне негізделген. ТМД-ның басқа елдерінің осындай кодекс құрастыру тәжірибесі мен материалдары пайдаланылды, АҚШ пен Ұлыбританияның осындай материалдары талданды.

Петрографиялық кодекс Қазақстан аумағында геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу кезінде таужыныстар терминдері мен аталымдарының мазмұнын айқындайтын бірыңғай ережелерді қолдануды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының аумағында геологиялық барлау жұмыстарының кез келген түрін жүргізетін барлық мекемелер Петрографиялық кодекс талаптарын сақтауға міндетті.

Дата публикации
02 февраля 2024