GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
Республика күні қарсаңында әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған қызметкердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

Республика күні қарсаңында әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған қызметкердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Айман Сатыбалдықызы Кудайбергенова ант қабылдады. Ол Қазақстан халқына адал әрі кәсіби түрде қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға ант етті.

12 октября 2026
2026 жылдың 9 айындағы әкімшілік айыппұлдарды салу және өндіріп алу барысы туралы

«Жеp қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Кодекс) сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.

Есептілік мерзімді (белгілі бір есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды) немесе біржолғы (нақты мәселе бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы мемлекеттік органды хабардар ету мақсатында ұсынылады) болуы мүмкін. Есептіліктің құрамы мен оны ұсыну тәртібі Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерімен айқындалады.

Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ӘҚБтК) 349-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

2026 жылдың 9 айында әкімшілік жауапкершілікке 127 жер қойнауын пайдаланушы тартылды.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы: 6 530 750 теңге.

Ерікті түрде төленгені: 107 әкімшілік айыппұл.

Мәжбүрлеп өндіріп алуға бағытталғаны: 20 материал (сот орындаушыларына берілді).

Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында ӨД жыл сайын жер қойнауын пайдаланушыларға ресми хабарламалар жібереді. Оларда Кодекске сәйкес есептілікті тапсырудың тәртібі, тәсілдері мен соңғы мерзімдері көрсетіледі.

30 сентября 2026
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД 2026 жылы Солтүстік өңір аумағында кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылы жалпы іздестіру жұмыстарымен 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілімді (ГС-50) қамтитын 5 объекті бойынша жұмыстар басталды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы объектілердің бірінде (зерттеу алаңы — 4 295 шаршы км) қазіргі уақытта аэрогеофизикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Түсірілімнің жалпы көлемі: 4 295 шаршы км;

Ағымдағы орындалу барысы: бүгінгі таңда жоспарланған көлемнің 70 %-ы орындалды.

Зерттеу жұмыстары мамандандырылған авиацияны тарта отырып жүргізіледі және жоғары дәлдіктегі үш геофизикалық әдістен тұратын кешенді қамтиды:

Аэромагнитометрия — магниттік аномалияларды анықтау және құрылымдық карталау үшін;

Аэрогамма-спектрометрия — радиогеохимиялық өрістерді бағалау және кен маңы өзгерістер аймақтарын анықтау үшін;

Аэрогравибарлау — жер қойнауының тереңдік құрылысын және тығыздықтың әркелкілігін зерттеу үшін.

Жүргізіліп жатқан аэрогеофизикалық жұмыстардың мақсаттары —

заманауи кондициялық геофизикалық (магниттік, гравитациялық және спектрометриялық өрістердің) негізін құру;

- аумақтардың геологиялық құрылысын нақтылау, оның ішінде кенді бақылайтын құрылымдарды және кен маңы гидротермалдық-метасоматикалық өзгерістерді, эрозиямен ашылмаған әртүрлі құрамдағы интрузивтік денелерді анықтау және бақылау;

- геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, алынған деректерді геологиялық интерпретациялау, мыс, сирек металдар полиметалдары, кенді алтын және т.б. кен орындарының болжамын қамтитын геологиялық зерттеу шеңберінде перспективалы учаскелерді бөлу;

- кешенді аэрогеофизикалық түсірілімдер нәтижелерін геологиялық интерпретациялау схемаларын және мысқа, сирек металдардың полиметалдарына, кенді алтынға және басқа да кендену түрлеріне болжам жасау схемаларын әзірлеу.

Алынған деректер өңірдің геологиялық құрылымын нақтылауға, геологиялық карталарды жаңартуға және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. ӨД жүргізіліп жатқан зерттеулердің сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.

 

18 сентября 2026
«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД кәсіби этика, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері талқыланды.

А.ж. 18 қыркүйегінде «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД -ның Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Амриновтың ұжыммен кездесуі өтті. Кездесудің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіби мінез-құлық және әдеп қағидалары;
  2. Қоғамдағы этикет;
  3. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістер.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппарат басшысының 2024 жылғы 1 қазандағы №342 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіби мінез-құлық және әдеп қағидалары бекітілді. Кездесу барысында аталған нормативтік құқықтық актінің негізгі талаптары түсіндірілді. Қағидалар қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мінез-құлқы мен әдеп талаптарын неғұрлым нақты ашады. Қағидалардың мазмұны мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінде белгіленген ұсынымдар мен талаптарды екіұшты түсіндіруді болдырмауға мүмкіндік береді.

Қағидалар «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД-ның барлық қызметкерлері үшін, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік жұмысты жүзеге асыратын штаттан тыс қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

  1. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл болу орнына қарай (көшеде, қоғамдық көлікте, театрда, мейрамханада және т.б.) сақталуы тиіс жалпы әдеп ережелерін түсіндірді. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік мәртебесіне, жұмыс орнына және атқаратын лауазымына қарамастан, қоғамдағы этикет нормаларын сақтауы қажет. Қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениеті оның айналасындағылардың ол туралы қалыптасатын пікіріне тікелей әсер етеді.
  2. А.ж. маусым айында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Д.К. Амринов қабылданған өзгерістерге, мінез-құлықтың жаңа талаптарына, мүдделер қақтығысын реттеу рәсімдеріне және жауапкершілік шараларына егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.

 

14 сентября 2026
2026 жылғы 14 қыркүйекте 93 жасында геология ардагері, кен орнын алғаш ашушы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген және құрметті жер қойнауын барлаушысы, КСРО жер қойнауын барлаудың үздігі Абдрашитов Масхут Каюмович қайтыс болды. «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымы марқұмның балаларына, туған туыстары мен жақындарына қөңіл айтады.
2026 жылғы 14 қыркүйекте 93 жасында геология ардагері, кен орнын алғаш ашушы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген және құрметті жер қойнауын барлаушысы, КСРО жер қойнауын барлаудың үздігі Абдрашитов Масхут Каюмович қайтыс болды.
«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымы марқұмның балаларына, туған туыстары мен жақындарына қөңіл айтады.
01 сентября 2026
Ербатыр Карабалаұлы Рахметовке – 80 жас

Рахметов Ербатыр Карабалинович– еңбек ардагері.

1946 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келді. 1966 жылы Заградовка отра мектебін аяқтаған соң Целиноград ауылшарушылық институтының жерқұрылысшы факультетіне түсті, 1971-1972 жылдары Чистополь ауданында жерқұрылысшы болып жұмыс атқарды. 

1974 жылы Солтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының Көкшетау геологиялық барлау экспедициясында топограф, маркшейдер қызметтерінде болды. Геологиялық барлау барысында бөлу-сәйкестендіру жұмыстарын атқарды. 1978 жылы Көкшетау геологиялық барлау экспедициясында жұмыс атқарған уақытында Ленинград тау кен институтында маркшейдерлік іс бойынша білімін жоғарлатуды өтті.   

1993-1995 жылдары жеке ұйымдарда қызмет атқарды. 1995-1997 жылдары Обуховка титан –циркон кенорнындағы карьерде  маркшейдер болып жұмыс жүргізді.

1998 – 2011 жыл аралығында «Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінде қызмет атқарды. Мемлекеттік қызмет атқарған уақытта, Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекция құрамында кәсіпорындарға маркшейдерлік және тау кен жұмыстары бойынша  бақылау жүргізді.

Зейнеткерлік демалысқа шыққанымен геологиялық- тау-кен өндірісі саласында жұмыс атқаруды жалғастыруда.

Геология саласындағы көп жылғы елеулі еңбектері үшін бірнеше мақтаулармен, Құрмет грамоталармен, «Жер қойнауын барлау үздігі» төсбелгісімен және «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ербатыр Қарабалаұлы мерейтойыңызбен құттықтаймыз, зор денсаулық, еңбекте табыс, Сізге және сіздің жанұяңызға өмірдің асқақ абыройын тілейміз!

31 августа 2026
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұжыммен кездесуі

А.ж. 31 тамызда әдеп жөніндегі уәкіл Д.К. Амриновтың «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымымен кездесуі өтті.

Д. Амринов ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарын атап өтті, сол баптар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жай-күйіне талдау жүргізеді (434, 439, 440, 440-1, 441, 443, 444, 445, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613 кодекстің баптары).

Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшілер жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олармен профилактикалық жұмыс жүргізілуі немесе олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жүргізілуі мүмкін.

Айта кету керек, Кодекстің мониторингке арналған баптарының тізбесі жыл сайын өзгеруі мүмкін.

Екінші мәселе бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілер өздеріне алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы түсіндірді:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлесімсіз қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстардың, жұбайлардың және құда-жекгейлердің бірлесіп қызмет етуіне (жұмыс істеуіне) жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) егер мұндай әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кірсе, оларды ұсынған тұлғалардың пайдасына жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтерді қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашу және оларға ие болу, Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау;

6) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға сәйкес келетін ойын заведенияларында құмар ойындарға және (немесе) бәсқалауға қатысу, сондай-ақ бұған арналмаған жерлердегі құмар ойындарға және (немесе) бәсқалауға, немесе телекоммуникациялық желілер, соның ішінде Интернет желісі арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәсқалауға қатысу.

Қазіргі уақытта әрбір азамат eGov.kz порталы арқылы құмар ойындарға және (немесе) бәсқалауға қатысудан өзін-өзі шектеу туралы өтініш бере алады. Бұл шара, сондай-ақ үшінші тұлғалардың азаматтың дербес деректерін, телефон нөмірлерін, банк реквизиттерін, карта-шоттарын құмар ойын платформаларына тіркелу үшін, сондай-ақ ақша қаражатын салу және шығару үшін пайдалану ықтималдығын жоюға мүмкіндік береді.

Үшінші мәселе бойынша «Севказнедра» ӨР қызметкерлерінің сырт келбетіне қойылатын талаптар айтылды. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде: «мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі тиіс, ресмилік, ұстамдылық пен ұқыптылық ерекшелейтін жалпыға қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі керек» деп көрсетілген.

Ұғым жалпы, нақтылықсыз. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің киім формасына қойылатын негізгі талаптар бойынша жалпы ұсыныстар бар.

Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі заманауи мемлекеттік қызметшілердің сырт келбетіне қатаң талаптар қояды. Іскер адамның сырт келбеті — табысқа жетудің алғашқы қадамы, өйткені қоғам үшін оның сырт келбеті ұқыптылық дәрежесін көрсететін «код» қызметін атқарады.

Іскерлік стиль консерватизммен, қатаңдықпен және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл мата таңдауына – түс түріне, пішініне, сондай-ақ аксессуарларға қатысты. Формалар, сызықтар мен силуэттер нақты және белгілі болуы тиіс. Киім қызметкердің іскерлік қасиеттерінен назарды бұзбауы керек.

21 августа 2026
Дюсенова Айман Шакировнаға – 65 жас!

Дюсенова Айман Шакировна 1961 жылы 22 тамызда Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келген.

1988 жылы А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиясы және барлау» мамандығы бойынша бітірді.

 Айман Шакировнаның бүкіл еңбек жолы геология саласымен және Солтүстік Қазақстанның минералды-шикізат базасын толтырумен байланысты. Еңбек жолын «Севказгеология» ӨБЭ экспедицияларында бастап, Қостанай іздестіру-түсірілім экспедициясында геолог лауазымында жұмыс істеді.

1997 жылдан бастап «Севказнедра» аралық аймақтық геология департаментінде мемлекеттік қызметте Қостанай аймақтық инспекциясының бас маман-инспекторы лауазымынан департамент басшысының орынбасарына дейінгі қызметте жұмысын жалғастырды.

«Севказнедра» департаментінде жұмыс істеген уақытында, жинаған тәжірибесіне сүйене отырып, Айман Шакировна жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істеуге және бақылау-инспекциялық қызметке айтарлықтай үлес қосты.

 Геологиялық қызметтегі көпжылдық және жемісті еңбегі үшін бірқатар алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары бар, сондай-ақ мынадай атақтар берілді: 2007 жылы «Жер қойнауын барлаудың үздігі», 2020 жылы «Жер қойнауын барлаудың құрметті маманы», 2021 жылы «Еңбек ардагері».

 Зейнетке шыққаннан кейін де Солтүстік Қазақстанның геология саласының дамуына жәрдемдесуді жалғастырып келеді.

Айман Шакировна, мерейтойыңызбен құттықтаймыз, Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыстар мен бақ-береке тілейміз.

14 августа 2026
Любовь Ивановна Адамьянға 80 жас

2026 жылғы 15 тамызда Солтүстік Қазақстан геологиясының ардагері Любовь Ивановна Адамьян 80 жасқа толады.

1969 жылы И.Франко атындағы Львовский мемлекеттік университетін «Геохимия» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, Любовь Ивановна 1966 жылы университетті бітірген жолдасы Николай Хачикович Адамьянмен Солтүстік Қазақстанға көшіп келді.

1969–1996 жылдары Любовь Ивановна Көкшетау ГБЭ техника-геологы, инженер-петрографы, инженер-геологы, 1996–1998 жылдары «Недра» ГК геологы, 1998–2007 жылдары Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ҚР Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясының басқармасында бас маман, ғалым-хатшы, 2007 жылдан 2021 жылға дейін «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаментінде бас маман, ГАҚ инженері, геолог-әдіскер болып жұмыс істеді.

Бүкіл еңбек жолы Солтүстік Қазақстанның жер қойнауы мен минералдық-шикізат базасын зерттеумен байланысты.

Любовь Ивановна Көкшетау өңірінің көптеген объектілері бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге үлкен үлес қосты. Көптеген жобалар мен есептердің бірлескен авторы болып табылады. Баян вольфрам кен орны бойынша қорларды есептей отырып, есепті жасау кезінде далалық геологиялық барлау жұмыстарына қатысты және камеральды топты басқарды, КСРО МҚК-да есепті қорғауға қатысты. Васильковский алтын кенді және Алексеевкий доломит кен орнын барлаудың белсенді қатысушысы болып табылады.

Өз қызметі барысында Солтүстік Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарының объектілері бойынша барлық геологиялық материалдардың мазмұнын, дәйектілігі мен толықтығын тексеруді жүзеге асырды.

Департаменттің геологиялық бөлімінде жұмыс істеген уақытында Любовь Ивановна Солтүстік өңірдің пайдалы қазбалар қорын ұлғайтуға үлкен үлес қосты. Жұмысты кәсіби қызметке қатысты нормативтік-құқықтық базаны біле отырып, жоғары кәсіби деңгейде және уақтылы орындады.

ҚР МҚК тәуелсіз сарапшысы болды.

Геология саласындағы көп жылдық әрі жемісті еңбегі үшін бірқатар алғыстарға ие, «Жер қойнауын барлаудың үздігі» және «Құрметті жер қойнауын барлаушы» төсбелгілерімен марапатталды.

Геологтар арасында бедел мен құрметке ие. Өз білімі мен тәжірибесін әріптестерімен және жас мамандармен бөлісуге дайын.

«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымы Любовь Ивановнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтайды, зор денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр, амандық, шығармашылық табыстар тілейді.

31 июля 2026
Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері туралы

«Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаменті Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде (бұдан әрі – Кодекс) 7 жер қойнауын пайдаланушының 9 объектісіне қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 137, 141, 143 және 144-2-баптарына сәйкес жүргізілді. Аталған баптар мемлекеттік бақылау нысандарын, тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін, тексеру парақтарын қолдануды және бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібін реттейді.

Профилактикалық бақылаудың мәні субъектілердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, сақталуын қамтамасыз ету және анықтығына қатысты талаптарды сақтауын тексеру болды.

Бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №796 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парағын пайдалана отырып жүзеге асырылды.

Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың алдын алу, міндетті талаптардың сақталуын әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбай қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы