Су пайдаланушылардың есепті тапсыруы туралы

Су пайдаланушылардың есепті тапсыруы туралы

  1. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 64-бабына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер асты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуді жүзеге асырады.

 Су пайдаланушылар «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген нысандар бойынша пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты беруге міндетті.

Жер асты сулары бойынша есеп беру индексі 9-жерасты сулары Бұйрықтың 26-қосымшасының нысаны бойынша ұсынылады;

Минералды сулар бойынша есеп беру индексі 9.1-минералды сулар Бұйрықтың 27-қосымшасының нысаны бойынша ұсынылады.

Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың отызыншы сәуіріне дейін.

  1. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №125-VI ҚРЗ «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 312 бұйрығы, 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 «Қазақстан Республикасы Су кодексінің» 120-бабы негізінде Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингін ұйымдастыруға міндетті.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан объектілер бойынша есептерді қабылдауды «Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ, 020000, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1, «Б» корпус, 4 қабат мекенжайы бойынша жүзеге асырады.

Есептер электрондық және қағаз жеткізгіштерде бір данада ұсынылады.

 

 

Су пайдаланушылардың есепті тапсыруы туралы
Дата публикации
02 февраля 2024