«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Су кодексінің 55 және 125 баптары негізінде «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңiраралық геология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
Су кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
Су кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» қызметі бекітілген стандартқа сәйкес көрсетіледі.
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www. egov. kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған). |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі. |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Су кодексінің 55 және 125-баптарына сәйкес талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. |