Ұлттық оператор (2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес)

2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес, сақтау, жинақтап қорыту, жүйеге келтіру және мүдделі тұлғаларға беру үшін меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды ұлттық оператор жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы №376 қаулысының 3-тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №377 бұйрығына сәйкес, сақтау, жинақтап қорыту, жүйеге келтіру және геологиялық ақпараттарды беру бойынша ұлттық оператор «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ЖШС болып табылады.

Геологиялық ақпаратты алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А. Мамбетов көшесі, 32 мекенжайындағы, тел.: 8(7172) 57-93-34, delo@geology.kz «Қазгеоақпарат РГАО» ЖШС жүгіну қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №380 бұйрығымен бекітілген Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидасының 35-тармағына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар геологиялық есептің толық көшірмесін алу қажеттілігін айқындау үшін геологиялық есептің жалпы бөлімімен ақысыз негізде «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД танысуға мүмкіндік беріледі.

 

 

Геологиялық ақпарат
Дата публикации
26 апреля 2022