«Шығысқазжерқойнауы» ӨД барша қазақстандықтарды ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтайды!
Бұл айтулы күн еліміздің тәуелсіздігін, халқымыздың бірлігін, ұлттық мақтаныш пен туған жеріміздің гүлденуіне деген ұмтылысты бейнелейді.
Қазақстан алға қарай сенімді түрде жылжып, өз беделін нығайтып және жаңа биіктерді бағындыра берсін! Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық, зор денсаулық, Отанымыздың өркендеуі жолында табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
2026 жылғы 9 қазанда Семей геологиялық барлау колледжінің 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, оған Геология комитетінің төрағасы Қ.Б. Ерубаев және «Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаментінің өкілдері қатысты.
Мереке аясында колледж педагогтерінің геология саласы үшін білікті кадрлар даярлаудағы еңбегі атап өтілді. Оқытушыларға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және Геология комитетінің Құрмет грамоталары табыс етілді.
Сондай-ақ, осы оқу орнының түлегі«Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаменті басшысының орынбасары И.А. Шадских колледждің алғыс хатымен марапатталды
Колледж ұжымын мерейтойымен құттықтаймыз және геология саласы үшін білікті мамандар даярлауда табыс тілейміз!
2026 жылғы 20 қазанда «Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, мемлекеттік қызметтегі қызмет әдебі мен мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлермен семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік басқарудың жоғарғы мәдениетін қалыптастыру, азаматтар мен әріптестерге сыпайылық, дұрыс, сыйластық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауда іскерлік қарым-қатынас стилін ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне және ресми-іскерлік дресс-кодты сақтауына қойлатын талаптар жеке қарастырылды. Мемлекеттік қызмет сипатына ұқыптылық, ұстамдылық және сыртқы келбет сәйкестігінің маңыздылығы атап өтілді, өйткені әрбір қызметкердің сыртқы келбеті мен мінез-құлқы мемлекеттік органның кәсіби имиджінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға қызметтік тәртіпті, парасаттылық, жауапкершілік қағидаттарын сақтау және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу қажеттігі туралы еске салынды.
2026 жылғы 18 қыркүйектеҚазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру шеңберінде «Шығысқазжерқойнауы» қызмектерлерінің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырында қабылданған және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңымен көзделген жаңа енгізілімдер кездесудің негізгі тақырыбы болды.
Іс-шара барысында Агенттіктің өкілдері кадрлық процесстерді одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға, меритократияны дамыту және мемлекеттік қызметті цифрландыруға бағытталған мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі өзгерістер туралы толық айтып берді.
Кездесуге қатысушылар қызықтырылатын сауалдарға жауап алды және мемлекеттік қызмет саласында жаңа заңнама нормаларын пайдаланудың практикалық аспектілерін талқылады.
Бұндай кездесулерді өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнамалық өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандырылуға және практикалық қызметте жаңа талаптарды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Кездесу сындарлы диалог форматында өткізілді және мемлекеттік қызметтегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, түсініктеме алу үшін пайдалы алаңға айналды.
5 қыркүйекте атап өтілетін көрнекті қазақ ағартушысы, ғалым-лингвист және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні қарсаңында Департаментте ұжымның қатысуымен тақырыптық семинар өткізілді.
Іс-шара барысында ғалымның өмір жолы мен ғылыми-ағартушылық қызметі, оның қазақ тілін, жазуын, білімі мен ұлттық мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі қарастырылды.
Қатысушылар Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы өзектілігін осы күнге дейін сақтап келетіндігін атап өтті. Оның еңбектері қазіргі қазақ тіл білімінің негізін қалады және ұлттық лингвистикалық ғылымның қалыптасуына елеулі үлес қосты.
Семинарды жүргізу ұлы ғалымның ғылыми және рухани бай мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын тағы да атап өту мүмкіндігі болды.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінде «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар:
Қазақстан Республикасының азаматтарын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысуға шақырамыз.
Өткізілетін конкурстар, біліктілік талаптары, құжаттарды тапсыру тәртібі және өтініштерді қабылдау мерзімдері туралы толық ақпарат eQyzmet интернет-порталында орналастырылған.
Конкурстарға қатысу мәселелері туралы 8-705-187-78-65 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
2026 жылғы 31 тамызда «Шығысқазжерқойнауы» ӨД Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысына қатысты, мұнда Шығыс Қазақстан облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбалады өндіруді және кен іздеушілікті реттеу саласындағы мемлекеттік аудиттің нәтижелері қарастырылған.
Талқылау барысында саланың жай-күйінің, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігінің, заңнама талаптарын сақтаутың және мемлекеттік реттеудің нәтижелілігін арттырудың өзекті мәселелері қозғалды.
Ерекше назар Аудит барысында айқындалған мәселелерге, сондай-ақ осы саладағы бар кемшіліктерді жою және кейіннен жұмыстарды одан әрі жетілдіруге қажетті шараларды қабылдауға аударылды.
Жүргізілген аудиттің нәтижелері өңір үшін практикалық маңызы бар, өйткені табиғи ресурстарды тиімді пайдалану өңірдің экономикалық әлеуетінің өсуіне, кәіпкерліктің дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді.
Отырыс қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар қолдау тапты.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 349-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзуы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мерзімдік есептер жыл сайын әрбір жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей алдыңғы күнтізбелік жыл үшін ұсынылады. Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер нақты жер қойнауын пайдалану кезеңі үшін ұсынылады.
Өскемен және Семей өңірлік инспекциялары бөлімдерінің қызметкерлерімен 2025 жыл үшін лицензиялар/келісімшарттардың талаптарын орындау туралы есептер мен мерзімді есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзған жер қойнауын пайдаланушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5 406 250 теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, 53 жер қойнауын пайдалану субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 іс қозғалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
2026 жылдын 16 шілдесінде «Шығысқазжерқойнауы» МД қызметіндегі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес Департамент ұжымы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі А.А.Бейсембаевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру мәселелері жөнінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылы күшіне енген заңнаманың негізгі өзгерістері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге, пара беру уәдесі, ұсынысы мен талабы үшін жауапкершілікті енгізуге, әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімдерін ұлғайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыруға бағытталған жаңа шараларға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңнаманың жаңа нормаларын қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
2026 жылғы 29 маусымда «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес Департамент ұжымының Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының эксперті, теологы Р.Т. Назарбековпен «Діни негізделген экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды.
Деструктивті діни ағымдар (тоталитарлық секталар) адамның құқығына, бостандығы мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сарапшылар мұндай ұйымдарды дәстүрлі конфессиялардан ажыратуға және олардың әсерін тануға бірқатар негізгі белгілерді айқындайды.
Басқарма өкілімен деструктивті діни ағым белгілері түсіндірілді және ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мәселесі бойынша сындарлы диалог жүргізілді.