Шығыс Қазақстанда ірі минералдық-шикізат базасы бар. Облыс аумағында мыс, қорғасын, мырыш, алтын, сирек және сирек жер элементтері, көмір және кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен орындары белгілі. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта белсенді пайдаланылуда. Өндірілген пайдалы қазбаларды есепке алу жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынатын өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептердің негізінде жүргізіледі.
Республиканың қорғасын, мырыш және мыс белсенді қорларының жартысына жуығы (47%) Шығыс Қазақстанның Риддер-Сокольное, Тишинское, Малеевское, Артемьевское, Орловское, Чекмар, Ақтоғай, Айдарлы және т.б. сияқты игерілетін немесе игеруге дайындалатын кен орындарында жасалды. 2020 жылы өңірде барлығы 34,32 мың тонна қорғасын, 163,4 мың тонна мырыш, 299,82 мың тонна мыс өндірілді.
Облыстың минералдық-шикізат базасында алтын кен орындары ерекше орын алады. Облыс аумағында барлығы 60-тан астам кен орын орналасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері -Суздаль, Секисовское, Мизек, Большевик, Бақыршық. Жергілікті кен орындарынан басқа, шашыранды алтынның (Сенташ, Сарыбұлақ және т.б.) көріністері анықталып, барланған. 2021 жылы жер қойнауын пайдаланушылар 27,7 тонна алтын өндірді.
Сонымен қатар, полиметалл және алтын кен орындарынан күміс, сынап, барит, висмут, күкірт, сурьма және басқа металдар алынады.
Өңірде отын-шикізат базасы да бар. Көмір өндіру облыстың үш әкімшілік бірлігінде орналасқан үш кен орыннан: Зайсан (Кендірлік кен орны), Үржар (Алакөл) аудандарында және Семей (Қаражыра) қаласының аумағында жүргізіледі. 2021 жылы барлығы 8,6 млн.тонна көмір өндірілді.
Шығыс Қазақстан көп мақсатты құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту шикізатына да бай. Өңірде барлығы 150-ден астам кенді емес шикізат кен орындары пайдаланылуда. Есепті 2021 жылы 2,9млн. мың тоннадан астам цемент шикізаты, 319,27 мың м3 құрылыс құмы, 2936,7 мың м3 құрылыс тасы, 1814,51 мың м3 құм-қиыршық тас қоспасы, 44,72 мың м3 кірпіш шикізаты, 171,71 мың тонна әктас, 6,9 мың тонна ас тұзы, 46,0 мың тонна бентонитті және 195,65 мың м3 гидротехникалық саз өндірілді. Өндірілген кенді емес қатты пайдалы қазбалар азаматтық құрылыс, жергілікті шаруашылық қажеттіліктер, автомобиль жолдары мен гидроқұрылыстарды салу және қайта жаңарту үшін пайдаланылды.