|
«Шығысқазжерқойнауы» ӨД «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар туралы есептілік ұсынуға міндетті екендігін, ұсынылатын есептіліктің құрамы және оны ұсыну тәртібі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерінде айқындалатындығын хабарлайды. Мерзімдік есептер жыл сайын әрбір жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей алдыңғы күнтізбелік жыл үшін ұсынылады. Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер нақты жер қойнауын пайдалану кезеңі үшін ұсынылады. Өскемен және Семей өңірлік инспекциялары бөлімдерінің қызметкерлерімен 2022 жыл үшін лицензиялар/келісімшарттартардың талаптарын орындау туралы есептер мен мерзімді есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзған жер қойнауын пайдаланушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Департаментпен жер қойнауын пайдаланудың 83 субъектісіне қатысты есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзудың 128 фактісі қарастырылды. ҚР ӘҚБК-нің 349-бабы бойынша жалпы сомасы 4 935 920 теңгеге әкімшілік жаза қолдану арқылы 128 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, айыппұлдар толық көлемде төленді. Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 349-бабы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ тізіміне сәйкес 2022 жыл үшін өндірілген бағалы металлдар мен асыл тастар туралы есептілікті бермеген 38 кен іздеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 1 462 528 теңгеге әкімшілік жаза (айыппұл) қолдану арқылы 38 әкімшілік іс қозғалды. |