Меню

Страницы

Статья

Иесіз қалған өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су Кодексінің 120-бабы 4-тармағының Гидрогеологиялық ұңғымалар, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымалары, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғылармен жабдықталуға немесе жойылуға жататыны негізінде ұңғымаларды жою жүргізіледі.

Иесіз қалған өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады

2004-2009 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 69 өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар жойылды. 2010 жылы облыста тағы 250 өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар анықталды және зерттелді.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар кадастрына жою үшін шамамен 357 гидрогеологиялық ұңғымалар енгізілген.

2022 жылы «Шығыс Қазақстан облысында  өздігінен ағатын 4 гидрогеологиялық ұңғымаларды жою» нысаны бойынша 089 республикалық бюджеттік бағдарламасы, 104 кіші бағдарламасы бойынша жұмыстарды орындауға ашық конкурс өткізілді. Осы жұмыстарды орындау бойынша 09.08.2022 ж. № 7728574-ОК1 қорытындылар туралы хаттаманың негізінде «Топаз» ТКК» ЖШС жеңімпаз болып табылады (15.08.2022 ж. № 109 Шарт). Жұмыстарды орындау мерзімі: 2022 жылғы III тоқсан - 2023 жылғы III тоқсан.

Жойылуға жататын жобаланатын иесіз өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар ШҚО Зайсан ауданында (Қарабұлақ ауылы № 726а ұңғ., Кенсай ауылы № 33а ұңғ., Айнабұлақ ауыл Кадиша База 695 ұңғ.) және ШҚО Тарбағатай ауданы - Жамбыл ауылы зим. Жаманшин-3 ұңғ. Барлық төрт ұңғыма бойынша «ҰСО» ЖШС мамандандырылған жобалау ұйымымен жоюға жататын өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды зерттеу актілерін жасалды.

Иесіз өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою «ШҚО Зайсан ауданының Қарабұлақ а/о әкімінің аппараты» ММ және ШҚО Зайсан ауданы Қарабұлақ а. Ақсақалдар кеңесімен, «ШҚО Зайсан ауданының Кенсай а/о әкімінің аппараты» ММ, «ШҚО Зайсан ауданының Айнабұлақ а/о әкімінің аппараты» ММ және «ШҚО Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ және «ШҚО Тарбағатай ауданының Құйған а/о әкімінің аппараты» ММ келісілді.

Дата публикации
31 октября 2022
Дата обновления
31 октября 2022
Тип

Сейчас читают

17 апреля 2024
Есептілікті ұсыну
Ақпарат
29 февраля 2024
2023 жыл үшін «Шығысқазжерқойнауы» ӨД қызметінің нәтижелері туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы