
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 18-желтоқсанында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беру мекемелерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне арналған "Оқушылардың бойында батылдық, алғырлық әскери амал-тәсілдерді қалыптастырудағы әскери-техникалық дайындықтың рөлі мен маңызы" тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні сабағында білім алушыларды әскери-патриоттық, Отаншылдық рухында тәрбиелеу. Іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерді насихаттау.
Семинарда Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі М.Қ. Рамазан "Дара тұлға-Бауыржан Момышұлы" ,К. Шакенов атындағы орта мектебінің АӘТД пәні мұғалімі К. А. Калиев "Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау" тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Н. Крупская атындағы орта мектебінің АӘТД пәні мұғалімі Б.Н. Асыкпаев "Бес күндік дала-оқу жиынының 2023-2024 жылының есебі", Маяковский атындағы орта мектебінің "Жас сарбаз" сыныбының офицер-тәрбиешісі А.Қ.Есмұратов "Жас сарбаз" патриоттыққа тәрбиелейді" тақырыптарында баяндамалар оқыды. Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының АӘТД пәні мұғалімі Асан Сана 11-сынып оқушылары арасында әскери-спорттық сайыс, мектеп психологтары М.Ж.Жолғазинова, А. М. Муратова мұғалімдер арасында тренингтер өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Семинарға қатысушы педагогтер өз пікірлерін білдіріп, іс-тәжірибе алмасты. Әдістемелік кабинет әдіскері А.Қ.Аринова семинар жұмысын қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге сертификат табыстады.