Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің директорын сайлау

Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің директорын сайлау

2024 жылдың 18 желтоқсанында Жарма ауданы білім бөлімінің №226 бұйрығына сәйкес «Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры лауазымына Кусманова Индира Ахметкановна тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін И.А.Кусманова Жарма ауданы білім бөлімінің «П.Карелин атындағы орта мектебі» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Жарма ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Садыкова жаңадан тағайындалған мектеп директорын ұжыммен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.