"Абай облысы педагогтерінің мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үздік тәжірибелері" тақырыбында семинар

"Абай облысы педагогтерінің мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үздік тәжірибелері" тақырыбында семинар

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні "Абай облысы педагогтерінің мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үздік тәжірибелері" тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: педагогтерді курстан кейінгі қолдау.
Семинарға КМҚК «Бастау» балабақшасынан Бахтина Алия Капезовна қатысып, «Бестемше» қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны іс-тәжірибесімен бөлісті. Тәрбиеші А.Бахтина 2023 жылы қыркүйек айында Астана қаласының «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК базасында «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында біліктілік артыру курсынан өткен болатын.