
Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының": "Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалардың ата – аналарына арналған консультациялық пункттер желісін кеңейту" 4 тармағын орындау мақсатында Жарма ауданының әр білім беру мекемелерінің, мектепке дейінгі ұйымдарының жанынан ата – аналарға арналған консультациялық пунктер ашылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Консультациялық пункттердің мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалары мектепке дейінгі ұйымға бармаған ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
– 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
– мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы кездесетін бұзылушылықтардың алдын алу және уақтылы теңестіру.
Консультациялық пункттердің және оның мамандарының қызметі отбасы мен әлеуметтік, медициналық және басқа да ұйымдар арасында байланыстырушы буын болуға арналған, олардың жалпы мақсаты баланың толыққанды дамуында ата-аналарға диагностикалық және консультациялық көмек көрсету және қолдау болып табылады.
Консультациялық пункттерді ұйымдастырушылар баланың физикалық және психикалық денсаулығының алдын – алу мәселелерін шешеді. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның мамандары балалардың дамуындағы кездесетін бұзылушылықтардың алдын алу және теңестіру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Ата-аналарға консультация беруді мәселенің мазмұнына байланысты бір немесе бірнеше мамандар бір уақытта жүргізеді.
Консультациялардың тізбесі үлгілері:
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру;
- ерте жастағы балалар дамуының жас кезеңдері;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыру;
- үй жағдайында ойын әрекетін ұйымдастыру;
- балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасау және т. б.
Ата – аналарға (заңды өкілдерге) және балаларға қызмет көрсету үшін балабақшаның мынадай қызметкерлері: әдіскер, тәрбиеші, музыкалық жетекші, дене шынықтыру нұсқаушы, педагог – психолог, логопед, медбике тартылады. Мамандар ата – аналарға (заңды өкілдерге) ұсынымдар береді және оларға өз құзыреті шегінде консультация береді.