
✅«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті
🔰Байқаудың мақсаты: көркемдік қызметпен айналысу үшін жоғары уәждеме жасау, бейнелеу шығармашылығы саласындағы жас таланттарды қолдау, балалар мен жасөспірімдерді олардың даралығын, бастамашылығын ашу үшін ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
⚜️Байқаудың міндеттері:
1) жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;
2) қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылық дамытуда балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру;
3) қатысушылардың ой-өрісін, олардың көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігін кеңейту.
Байқау қашықтық форматта өткізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:🥈II орын – Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясының 8-сынып оқушысы Мағзұмбек Арнұр, жетекшісі С.М.Укешов;
🥈II орын-Толқынұлы Бекзат – Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 10- сынып оқушысы, жетекшісі К.К.Беккасымов;Ш.Уалиханов атындағы негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Ұлан Бағжол «Жас суретші» номинациясымен марапатталды.
Өнерпаз жеңімпаздарды құттықтаймыз!