«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнері республикалық фестиваль- байқауының облыстық кезеңі

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнері республикалық фестиваль- байқауының облыстық кезеңі
✅өтті.
🔰Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани- адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі аша білуге мүмкіндік жасау, балаларды қосымша біліммен қамту.
🔗Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
▫️«Драмалық спектакль»;
▫️«Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, балет, данс- спектакль және т.б.);
▫️«Әдеби-музыкалық композиция»;
▫️«Қуыршақ қойылымы».
Фестивальдің қорытындысы бойынша:
🏆БАС ЖҮЛДЕ
Жарма ауданы білім бөлімінің «Өнер мектебі» КМҚК;
🖊️«Үміт» номинациясы Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимазиясы» КММ.
Бас жүлде жеңімпаздары республикалық фестиваль-байқауға жолдама алды!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Республикалық фестиваль-байқауда Сәттілік тілейміз!