
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 8-11- сынып оқушылары арасында республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі 2024 жылдың 6- мамырында Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің негізінде ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- ұлылар поэзиясына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- әдеби мұраларды насихаттау;
- жас ұрпаққа қазақ халқының, оның ішінде Абай және Шәкәрім мұраларын дәріптеу;
Шығармашылық байқау 6 бағамнан тұрды:
- «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы». Абай өлеңдерін жатқа айту (өлеңге қатысты сұрақтар тілдік, әдеби тұрғыдан қойылады)
- «Абайдың қара сөздері». Абайдың қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқу, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, оның жан-жақтылығы, дұрыстығы ескеріледі.
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары». Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу және сұрақтарға жауап беру;
- «Көңілім әнді ұғады». Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» оқушылардың өз туындыларын орындауы;
- «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» Абай туралы көркем шығармаларды толық білуі және әдеби талдауы, сұрақтарға жауап берулері; (М.Әуезов, Р.Тоқтаров, К.Оразалин прозалық туындылары).
Ерекше замануи дизайнында безендірілген білім беру мекемесінің ұжымы қатысушыларды ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып, тренинг, Абай, Шәкәрім шығармашылығынан «Тәтті сұрақтар» галереясын өткізіп, байқаудың беташарына жылылық шырай енгізіп, сайыскерлердің талпынысына күш қосқандай әсер қалдырды. Сондай-ақ, қатысушылардың әдемі безендірілген мектеп ғимаратын, ерекше интерьер стильді жаңартылған кабинеттер мен тартымды жылы түстерде жасалған дәліздерді аралауы байқаудың маңыздылығын арттыра түскендей болды.