
2024 жылдың 26 сәуірінде жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, рухани мұрасын құрметтеу, дарынды балаларды анықтау.
Байқауға Жарма ауданынан Маяковский атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ельчибекова Ақпейіл «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» ғылыми жоба бағыты бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульназ Ернатовна Калмакбаева. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!