
2024 жылдың 29 сәуірінде Абай облысы педагог қызметкерлері ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ұлтаралық татулықты дәріптеу, елімізде тұратын халықтардың өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, ұстаз мамандығына сый - құрметпен қарау, көзқарастарын қалыптастыру, білім мен өнердің тәрбие жұмысында рөлін көтеру мақсатында «Талантты ұстаз – ел өрісі!» атты ардагерлер мен жас ұстаздар арасында облыстық фестиваль өтті.
Жарма ауданынан фестивальге қатысқан Абай атындағы мектеп-балабақша кешені ІІІ дәрежелі диплом, «Үздік тәрбие бойынша инновациялық жоба» номинациясында ІІ дәрежелі диплом, «Үздік сыныптан тыс іс-шара» номинациясында бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен ардагер ұстаз Тунгатова Гульназ Слямовна, жас маман Серікболова Эльвира Дәулетқызы марапатталды.
Жеңімпаз ұстаздарды құттықтаймыз!