Қ.Бітібаеваның атаулы зертханалар сайысы

Қ.Бітібаеваның атаулы зертханалар сайысы
19 сәуір 2024 жылы ДБА Жамбыл атындағы ОММГИ Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасында өңіраралық «Тұлғасы биік ұлт ұстазы» атты тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдары келіп қатысып, озық тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Шығыс Қазақстан облысының әр аудандарынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, жас мамандар шақырылды. әр өңірден келген зертхана жетекшілері өз тәжірибелерімен бөліседі. Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, зертхана жетекшісі Имангалиева М.С. Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша іс-тәжірибесін ортаға салып, Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар дәстүрлі түрде өткізілетін "Үздік зертхана -2024" сайысында жүлделі І орынға ие болды.