
2024 жылдың 12 сәуір күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру мақсатында Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өтті.
«Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне барлық білім беру мекемелерінен 51 оқушы қатысты.
Байқау 8 номинация бойынша қаралып, І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды:
- «Жақсылық керуені» номинациясы - Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы Ахметқали Мөлдір, жетекшісі А.Е.Галиева;
- «Отаным-қасиетті туған жерім» номинациясы - Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің 10-сынып Қайртайқызы Айзат, жетекшісі Ж.О.Бутабаева;
- «Мен-Қазақстанның азаматымын» номинациясы - Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы Чурбаева Дильназ, жетекшісі Г.Ж.Сембаева;
- «Менің ашық университеттерім» номинациясы - Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар, жетекшісі А.М.Муратова;
- «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы - Георгиевка орта мектебінің 10-сынып оқушысы Андраш Балнұр, жетекшісі А.Д.Нурмухаметова;
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы - Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Темірбек Сезім, жетекшісі Ж.Е.Аубакирова;
- «Жаңғырту полюсі» номинациясы - Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 5-сынып оқушысы Нағашбай Аяжан, жетекшісі А.Е.Солтанова;
- «Менің Отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» - Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Ермухамет Алуа, жетекшісі Г.С.Мухамедиева.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!