Облыстық кітапханалар арасында «Коворкинг және буккроссинг: бірге оқимыз» қашықтық бейнероликтер байқауының аудандық кезеңі

Облыстық кітапханалар арасында «Коворкинг және буккроссинг: бірге оқимыз» қашықтық бейнероликтер байқауының аудандық кезеңі
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12 сәуірінде облыстық кітапханалар арасында «Коворкинг және буккросинг: бірге оқимыз» қашықтық бейнероликтер байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: оқушыларды танымдық әрекеттің негізгі түрі ретінде оқумен таныстыру, бос уақытты өткізудің бір түрі ретінде мектептегі коворкинг және буккроссингті кеңінен насихаттау; Заманауи интерактивті тәсілдер арқылы қазіргі оқушының назарын кітапқа аудару, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға білім беру мекемелерінен 11 кітапханашы қатысты.
Нәтижесінде:
І орын –Баймуратова Камар Капуовна, «Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ;
ІІ орын –Ержанова Бахытгуль Толеубековна, «Георгиевка орта мектебі» КММ;
ІІ орын –Дуанова Алия Елтаевна, «Бірлік орта мектебі» КММ;
ІІІ орын –Рахимова Сауле Каримовна, «Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені» КММ;
ІІІ орын –Асарбаева Тумар Джангабаевна, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ.
І орын жеңімпазы «Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ кітапханашысы Баймуратова Камар Капуовна байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!