Мақсаты:
- оқушылар арасында Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын насихаттау, тума талант, табиғи дарындарды анықтау;
- жас ақындарға қолдау көрсету, шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Байқауға 8-11-сынып оқушылары қатысты.
Байқау 5 бағамнан тұрды:
1) «Ілияс – эпик ақын» - шығарманы жалғастыру, ақынның «Құлагер» поэмасын толық жатқа білуі қажет;
2) «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар мүшайрасы;
3) «Ілияс – қарасөз шебері» - прозалық немесе поэзиялық, драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу;
4) «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау;
5) «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлерлер бағамы.
Нәтижесінде:
«Ілияс – эпик ақын» бағамы бойынша
І орын
Аманжол Арман, Қажыгелді атындағы негізгі мектебі, 9- сынып оқушысы, жетекшісі – Бекбосинова Дария Кайсаровна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлерлер бағамы бойынша
ІІ орын
Қанат Қадиша, Бірлік орта мектебі, 8-сынып оқушысы, жетекшісі – Зиябекова Еркеш Даукеновна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар мүшайрасы бағамы бойынша
ІІІ орын
Молжигитова Томирис, Т. Хасенұлы атындағы орта мектебі, 10- сынып оқушысы, жетекшісі- Жармагамбетова Галия Капашовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
І орын иегері Аманжол Арман – байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Сәттілік тілейміз!