Республикалық «Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңі

Республикалық «Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жас дарынды анықтау, ғарышты игеру тарихына, зымыран техникасына, біздің ғаламның құрылымына деген қызығушылықты ояту мақсатында 2024 жылдың 3 сәуірінде Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен республикалық «Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінде Жарма ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы КМҚК ересек тобының тәрбиеленушісі Кенжебек Жұлдызай, жетекшісі Сембаева Гульмагира Музапаровна жүлделі I орынды, «Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі Акаева Амина, жетекшісі Канафиева Айбаршын Нурсеитовна II орынды иеленді.
I орын иегері Жарма ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы КМҚК ересек тобының тәрбиеленушісі Кенжебек Жұлдызай, жетекшісі Сембаева Гульмагира Музапаровнаның конкурстық жұмысы республикалық «Ғарышкерлер күні» сурет салу байқауының республикалық кезеңіне жіберілді.
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!