Астана қаласында «Balapan» телеарнасы ұйымдастырған «iBars» зияткерлік бағдарламасының телевизиялық түсірілімі

Астана қаласында «Balapan» телеарнасы ұйымдастырған «iBars» зияткерлік бағдарламасының телевизиялық түсірілімі
2024 жылдың 23 – 29 наурыз аралығында Астана қаласында «Balapan» телеарнасы ұйымдастырған «iBars» зияткерлік бағдарламасының телевизиялық түсірілімі өтті. Еліміздің әр өңірінен, шалғай ауылдарынан 700 – ден астам үміткер қатысып, 180 бала іріктелді.
«iBars» бағдарламасының мақсаты: балалардың зияткерлік, танымдық, есте сақтау, шығармашылық дағдыларын дамыту, талантты бүлдіршіндердің талабын арттырып, танылуына мүмкіндік беру.
Жарма ауданынан "Айгөлек" балабақшасының тәрбиеленушілері Айтқалиева Айзада Жәнібекқызы, тәрбиешісі Кошкельдинова Парида; Қайыртай Аяла Мақсатқызы, тәрбиешісі Садыкова Қорлан Хаджимуратовна; «Ер – Дәурен» ЖСШ тәрбиеленушісі Қанатова Медина Жасұланқызы,
тәрбиешісі Ахметова Айман Адылбековна іріктеу кезеңінен өтіп, «iBars» зияткерлік бағдарламасына қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.