Республикалық «IQanat» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі

Республикалық «IQanat» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі
2024 жылдың 25-28 наурыз аралығында ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына арналған Республикалық «IQanat» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Жарма ауданынан облыстық кезеңге 46 оқушы қатысты.
Оқушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география пәндерінің бірі бойынша тестілеуден өтті. Сонымен қатар қатысушылар математикалық сауаттылық, логикалық және сыни ойлау бойынша міндетті тестілеуден өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырды.
Сайыс қорытындысы бір айдан кейін белгілі болады. Үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар маусым айында Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.
Ақтық кезең үздіктердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға, ал екінші бөлігі Олимпиададан кейінгі үшжылдық тегін қолдауға қабылданады. Балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға қарқынды дайындалып, ағылшын тілін, ІТ-дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлікті және басқа да салаларды оқиды.