Аудандық педагог қызметкерлерінің Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы

Аудандық педагог қызметкерлерінің Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы
2024 жылдың 26 наурызында Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясында Жарма ауданы педагог қызметкерлері Ардагерлер кеңесінің онлайн және офлайн форматта кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңеске Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы К.Р.Шаймуратов, Жарма ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.О.Есполов, Жарма ауданы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы Е.К.Сембинов, Жарма ауданы педагог қызметкерлері Ардагерлер кеңесінің төрайымы К.Б.Койшубаева, Ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары және мектеп педагог қызметкерлері Ардагерлер кеңесінің төрағалары, төрайымдары, аудан білім бөлімінің мамандары қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Оның ішінде: аудандық Ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының құрамы, төрағалары төрайымдары бекітілді; Жас ұстаздар мен ардагерлердің танымдық клубының жұмысы; Әжелер, Аталар, Әкелер, Жеңгелер алқаларының және 2023 жылға арналған облыстық Ардагерлер кеңесінің жұмыстары туралы ақпараттар тыңдалды. 2024 жылға аудандық педагог қызметкерлері Ардагерлер кеңесінің жоспары бекітілді.
Кеңес барысында талқыланған мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды.
Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы К.Шаймуратов кеңес отырысын қорытындылай келе, білім саласының ардагерлерін аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.