«Ең үздік сайт-2024» аудандық байқауы

2024 жылдың 04 наурыз күні жалпы білім беру ұйымдарына ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу, интернет мүмкіндіктері мен ресурстарының қолдану тәжірибелерін анықтау мақсатында «Ең үздік сайт-2024» аудандық байқауы өтті.
«Ең үздік сайт-2024» аудандық байқауының қорытындысы бойынша:
І орын – «Абай атындағы мектеп - балабақша кешені» КММ;
ІІ орын – «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ;
ІІ орын – «Георгиевка орта мектебі» КММ;
ІІІ орын – «Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясы» КММ;
ІІІ орын – «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ;
ІІІ орын – «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ.
Облыстық кезеңге «Абай атындағы мектеп - балабақша кешені» КММ, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ, «Георгиевка орта мектебі» КММ жолдама алды.
Мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары арасында:
ІІ орын - «Балауса» балабақшасы;
ІІІ орын - «Алтынай» балабақшасы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!