«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы

«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы

2024 жылдың 4-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтары үшін «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты-талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.

Конкурстың республикалық кезеңіне ауданымыздан Маяковский атындағы орта мектебінің педагог-психологы Тагиева Индира Таваккул-кызы қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Индира Таваккул-кызын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!