ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың «Сапалы білім - сапалы адами капитал» атты бірлескен кеңейтілген алқа отырысындағы сөзі:
«Инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 67 мың жаңа орын ашылып 2-6 жастағы балаларды қамту 91%-ға дейін артса, апатты және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешуге бағытталған 137 мың орындық жаңа 165 мектеп іске қосылып, 12 апатты 29 үшауысымды мектептің мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, еліміздегі 230 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2100 мектеп жаңғыртылды. Оның 1008 ауыл мектебі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы және уақтылы іске асыру мақсатында министрлік мектептерде эргономикалық, қауіпсіз орта құруды көздейтін барлық қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірледі» , - Ғани Бейсембаев.
«Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою бағытында былтырғы жылдан бастап Республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми сүйемелдеуімен Ақтөбе облысында пилоттық режимде бастау алды. Жоба негізінде ауыл мектептерінің инфоқұрылымы жаңғыртылып, педагог кадрлар сапасы артуда. Нәтижесі биылдан бастап барлық аймақтарға таратылатын болады. Жоба аясында Республикалық «Дарын» орталығы алғаш рет ауыл мектептері оқушылары арасындағы республикалық пән олимпиадасын ұйымдастырды.Соның негізінде жүлделі орын иеленген ауыл мектебі оқушыларының саны 8 есеге жуық артты», – оқу-ағарту министрі.