Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының педагог-психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.
Байқауға Жарма ауданынан қатысқан Маяковский атындағы орта мектебінің педагог-психологы Тагиева Индира Таваккул-кызы І дәрежелі дипломмен, Бірлік орта мектебінің педагог-психологы Отарбаева Камшат Серикказовна «Мәртебелі психолог», Васильковка негізгі мектебінің педагог-психологы Абильмажинова Мунира Сайранбековна «Өз саласының кәсіби маманы» номинацияларымен марапатталды.
Индира Таваккул-кызы байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!