
Байқау Жарма ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 30-қаңтарында Т.Көбдіков атындағы орта мектебінде өткізілді.
Мақсаты:
-Білім беру саласында алдыңғы қатарлы озық идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлайтын білікті мамандар қатарын көбейту;
-Педагогтердің ғылыми- әдістемелік деңгейлерін нақтылау және кәсіби құзыреттілік деңгейлерін арттыру.
Міндеттері:
-Пән мұғалімдерінің креативті қызметін жетілдіру;
-Заманауи педагогтердің қызметін қолдау, озық тәжірибесін насихаттау;
-Білім сапасын арттыруда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануды дамыту;
-Тіл мәдениетін арттыру.
Байқауға 5 жыл және одан жоғары еңбек өтілі бар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Байқау 2 бөлімнен тұрды:
Сырттай: «Менің ұстаздық жолым» эссе; «Өзім жайлы»- өзін, қызметі кәсіби өсу жолын таныстыру бейнебаян – І бөлімнен өткен пән мұғалімдері ІІ бөлімге (негізгі) қатысты.
ІІ бөлім 2 бағытты белгіледі:
Байқауда педагогтердің кәсіби қызметіндегі мақсатқа жету айқындылығы, іс-әрекетінің жүйелілігі, кәсіби шеберлігі, іскерлігі, жаңашылдығы, тәжірибесіндегі озық-әдіс тәсілін дәлелдеп, нәтижелілігін дәлелдеуі; шеберлік сабағын тиімді де ұтымды ұйымдастыруы, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті бағаланды.
Нәтижесінде:
І орын Айсабек Кулайым, П.Карелин атындағы орта мектебі;
ІІ орын Абылханова Жанерке Токтасыновна, Абай атындағы орта мектеп-балабақша кешені;
ІІ орын Сарсембекова Жұлдыз, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы;
ІІ орын Акшолакова Айнур Турсынкановна, Жаңғызтөбе орта мектеп- балабақша кешені;
ІІІ орын Карманова Уланай Арыстанбековна, Георгиевка орта мектебі;
ІІІ орын Шарипова Еркежан Багидоллиновна, Ақтайлақ би атындағы орта мектебі;
ІІІ орын Карсакпаев Жасулан Канатулы, Бірлік орта мектебі;
ІІІ орын Абдулдинова Аида Айдарханқызы, Маяковский атындағы орта мектебі.
ІІІ орын Мукатова Данара Думановна, К.Шакенов атындағы орта мектебі.
Пән мұғалімдері байқау кезеңінде шеберлік сыныптарын өткізіп, жаңашыл, шығармашылық ізденістері, озық іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, өздерінің біліктіліктерін, кәсіби деңгейлерін нақтылады.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшілігі мен ұжымына ризашылық сезімдерін білдірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!