«Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсы

«Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсы
Ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын белсендіру, іс-тәжибелерімен бөлісуге жағдай жасау мақсатында облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 қаңтарында «Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсы өткізілді.
Конкурсқа Жарма ауданынан аудандық кезеңінің жеңімпазы Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Оразақынұлы Нүрсейіт қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жеңімпазды құттықтаймыз!