
Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Республикалық «Алтын Тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңіне аудандық кезеңнен жолдама алған 12 жеңімпаз қатысты.
Нәтижесінде Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асқарбекова Жаннұр Шалқарқызы жүлделі I орын, Н.Крупская атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карынбаева Куляй Алтаевна II орын, Шар негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупбаева Зульфия Ерболовна II орын, Маяковский атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жебраил Анар Галидуллаевна III орын, Георгиевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдуллина Жадыра Жумабековна III орынды иеленіп, П.Карелин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Айгуль Балтабаевна ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды.
Жүлделі I орын иеленген Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асқарбекова Жаннұр Шалқарқызы олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!