
Маяковский атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 1 желтоқсанында білім бөлімінің кезектен тыс аппарат отырысы өткізілді. Отырысқа Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Базанов Саят Болатұлы, Жарма ауданы прокуратурасының аға прокуроры Жақыпов Ақтөре Оңалбайұлы, Абай облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Амирханова Макия Көбентаевна, Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Жакиянова Гульнара Магзумовна, Жарма аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Жалелова Аймерек Айтжановна, Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы Шаймуратов Канат Рымханович және білім беру ұйымдарының басшылары, асхананы жалға алушы мердігерлер, мектеп тағамының сапасына мониторинг жасауды ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық сараптамалық топтың құрамы қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1.Балалардың сапалы, дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету.
2.Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Күн тәртібі бойынша «Балалардың сапалы, дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету туралы» білім бөлімінің әдіскері Увалиева Гаухар Жанатовна ақпарат беріп, Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Жакиянова Гульнара Магзумовна «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Асхананы жалға алушы мердігерлер, мектеп басшылары тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.