АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

20 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін ауданымыздың 9-11 сынып оқушылары аuyl.daryn.kz сайтында тіркеліп, 202 оқушы қатысуға ниет білдірді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі ауданымыздың барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өтті. Олимпиадаға ауыл әкімдері, білім бөлімінің бас маманы Садыкова Гульсағи Турсынхановна, әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанакова Жанар Сериказиновна және әдіскерлер қатысты.

#Ауыл_олимпиадасы_2023