
2023 жылдың 17 қарашасында Абай облысы білім басқармасы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің 5 жылдығына орай, «Жаңа Қазақстанның тірегі – Айбынды Жас сарбаз» тақырыбында облыстық оқу - тәжірибелік семинары өтті. Семинарға Маяковский атындағы орта мектебінің жас сарбаздары қатысып, семинар барысында «Менің Отаным – Қазақстан» интеллектуалдық ойыны бағамы бойынша І орынға ие болды.