«Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі

«Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында орта мектептер арасында Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің базасында «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңге аймақтық кезеңнің І және ІІ орын жеңімпаз командалары қатысты.
Турнир Америкалық парламенттік формат бойынша өтті.
Нәтижесінде:
І орын- Бақыршық орта мектебі;
ІІ орын- Ақтайлақ би атындағы орта мектебі, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы;
ІІІ орын- Георгиевка орта мектебі, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі.
«Үздік спикер» номинациясымен Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Сағатова Гүлім, Георгиевка орта мектебінің оқушысы Андраш Балнұр, Бақыршық орта мектебінің оқушысы Әбділдаш Сымбат марапатталды.
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшілерін құттықтаймыз!