
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар конкурсы.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсету) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Құжаттарды қабылдауды Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарына қағаз форматта жібереді.
Конкурсты өткізу орны және күні:
Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98).
2023 жылдың 27 қараша күні сағат 15.00 – де.
Ақпаратты түсіндіру үшін байланыс телефондары, электрондық пошта мекен-жайлары:
Телефон: 8/72347/65789, 8/72347/65483
Электрондық пошта: zharma_buh@mail.ru, zharma-metod@mail.ru.
Мекен – жайы: Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98.
|
|
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен |
Өтініш
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне________________________________________ қосуды өтінемін.
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БИН)
Осы арқылы келесіні хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;
2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: _____ бала, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша _________ бала;
3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы ____________________________________________;
(орналастырылды/ орналастырылған жоқ)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып табылады.
Осы арқылы мектепке дейінгі ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;
4) Ұлттық білім беру деректер базасындағы:
- тәрбиеленушілер;
- тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпаратты ай сайын толтырудың;
5) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің;
6) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың тамақтануы үшін жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-ана төлемінің мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта.
Басшы _______________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Толтырған күні "______" __________20____ж.
Мөр орны (бар болғанда)