
2023 жылдың 15 қараша күні Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдерінің үздік IT шешімдерін анықтау, ең үздік оқыту-әдістемелік, зертханалық, бағдарламалық кешендерін және жаңа инновациялық жобаларын қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстық «Digital TEACHER» хакатоны өтті.
IT хакатонға Жарма ауданы бойынша Абай атындағы мектеп - балабақша кешені, Георгиевка орта мектебі, П.Г.Карелин атындағы орта мектебінің командалары қатысты. Командалар теориялық және практикалық бөлімдерінде инновациялық жаңа идеяларымен бөлісті.
Облыстық хакатонның қорытындысы бойынша:
«Үздік мобильді қосымша» номинациясымен – Георгиевка орта мектебінің «Bilim intellect» командасы, команда құрамы Ж.Садыкова, Ж.Шаймуратова, А.Саржанова;
«Үздік әлеуметтік жоба» номинациясымен – П.Г.Карелин атындағы орта мектебінің «ШиК» командасы, команда құрамы Е.Кенжебаев, А.Садыкова, М. Токтаганов, О.Дерр;
Абай атындағы мектеп- балабақша кешенінің «Smart teacher» командасы, команда құрамы М.Бердібекова, А.Кабышева, А.Тусупова, Н.Мақсұтбек сертификатқа ие болды.
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!