
2023 жылдың 24-қазанында облыстық жалпы орта білім беретін мектеп және қосымша білім беру ұйымдары 7-11 – сынып оқушыларының арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, мәдениетіне қызығушылықтарын ояту, оның дәстүрлеріне құрмет сезімін арттыру мақсатында «Төрт тоқсан-төрт өнер» жас ақындар айтысы өтті. Жарма ауданы П.Г.Карелин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жаңбырбай Айбек Бас жүлде иегері атанды. Жетекшісі –Кулайым Айсабек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жас дарын иесіне өнерінің шыңдалып, аудан абыройын биікке көтеруіне, әр басқан қадамының сәтті болуына тілектеспіз!