«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі

«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі

«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі.
2023 жылдың 20 қазанында Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық» пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Республикалық 8-11 –сыныптың шығармашыл оқушылары арасында «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау 6 бағам бойынша бағаланды:
1.Шешендік, білгірлік сайысы;
2.Көркемсөз оқу;
3.Эссе жазу;
4.Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5.Ақындар айтысы;
6.Ақындар тобы.
«Ақындар айтысы» бағамы:
1 - орын Жаңбырбай Айбек, П. Карелин атындағы 9-сынып оқушысы, республикаға жолдама алды. Жетекшісі: Айсабек Кулайым, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Шешендік, білгірлік сайысы» бағамы:
3 - орын Енсебаева Арай, Бақыршық орта мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі: Азиман Баян, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Ақындар тобы» бағамы:
3 - орын Молжигитова Томирис, Т. Хасенұлы атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі: Мамырбаева Арайлым, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, дамыту мақсатында өткен өнер байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Республикаға жолдама алған жас дарынымызға сәттілік тілейміз!