«Менің кіші Отаным» республикалық жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі

«Менің кіші Отаным» республикалық жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі

 «Менің кіші Отаным» республикалық жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

 Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына қызығушылығын танытқан талантты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және азаматтық сезімді қалыптастыру.

 Конкурсқа ауданымыздың білім беру мекемелерінің I орын алған 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Конкурстың нәтижесінде:

 «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша ІІІ орынды «Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ–нің 10 – сынып оқушысы Женисказиева Танзилат;

 «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша ІІ орынды «Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ-нің 10 – сынып оқушысы Қайртайқызы Айзат; 

  «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІ орынды «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ–нің 10 – сынып оқушысы Кенесхан Дильназ иеленді.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!