
Абай облысы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10 қазанында Семей қаласында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Амановтың туғанына 100 жыл толуына арналған 9-11 сынып оқушыларына математикадан облыстық олимпиада және математика пәні мұғалімдеріне «Олимпиадалық есептерді шығарудың тиімді әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Олимпиадаға ауданнан 6 оқушы қатысты.
Нәтижесінде:
ІІ орын- Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Сейтжанұлы Мерейбек, жетекшісі Заманбекова А.А;
ІІІ орын-Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Темержан Айназ, жетекшісі Матаева Е.Ж, К.Шакенов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құдайбергенұлы Нұртай жетекшісі Аманжолова А.Т.
Әдістемелік семинарда Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Қизатолла Серікбек және К.Шакенов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Аманжолова Асия Тиштыковна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.