Кумарова Нурсагат Турсыновна
Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Мұғалім мектептің жүрегі, шәкірттің шырағын жағушы жалын иесі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да, қарапайым адам да мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады.
Сондай шәкірт жүрегінен орын таба білген ұстаз - Кумарова Нурсагат Турсыновна. Ардақты ұстаз 1972 жылы Семей қаласы М.Тулебаев атындағы музыка училищесінің Ішекті-ысқышты бөлімінің скрипка аспабын бітірді.1981 жылдан бастап Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы «Өнер мектебі» КМҚК –де 45 жыл үздіксіз скрипка сыныбының оқытушысы қызметін атқарып келеді. Көп жылдар бойы ақырын жүріп анық басқан ұстаз, сабырлы мінезімен көптеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Білімді, білікті, шығармашыл, жаңашыл ұстаздың шәкірттері ізін жалғастырып, скрипка аспабын кейінгі ұрпаққа дәріптеуде. Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі сіңірген еңбегі үшін бірнеше рет аудандық, облыстық марапаттарға ие болды. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші тәлімді шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде өз саласының мақ¬таулылары. Кумарова Нурсагат Турсыновна өнер мектебіндегі, ауданның, ауылдың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Ұжым, ата-ана ортасында беделді, адамгершілігі мол, кішіпейіл, заман талабына сай, қоғамға лайықты,білікті ұстаз.