Білім беру саласында барлық сатыдан өткен, өзіндік іс-тәжірибесі бар ұстаз Сыдыкова Анар Ахановна

Білім беру саласында барлық сатыдан өткен, өзіндік іс-тәжірибесі бар ұстаз Сыдыкова Анар Ахановна

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп, тіл білімінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы айтқандай ауданымызда белсенді ұстаздар көп. Соның бірі білім беру саласында барлық сатыдан өткен, өзіндік іс-тәжірибесі бар ұстаз Сыдыкова Анар Ахановна 1976 жылы 29 қарашада бұрынғы Семей облысы, Шар ауданы Суықбұлақ станциясында дүниеге келген. 1993 жылы «Семей» Мемлекеттік Университетін «Тарих, құқық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2022 жылы «Alikhan Bokeikhan Univtrsity» білім беру мекемесін «Тарих» мамандығы, педагогика ғылымының магистрі дәрежесімен тәмамдаған. Анар Ахановна оқушылар бойында ұлтжандылықты қалыптастырушы және көптеген шәкірттерді тәрбиелеуден жалықпаған ұстаз. Абай облысы тарих пән қауымдастығының жетекшісі ретінде де үйлестіруші қызметтер атқаруда. Педагогтың білім мен білік іскерлігі жоғары бағаланып бірнеше мәрте Жарма ауданы әкімінің, Жарма ауданы білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған. 2022 жылы «Абай облысының білім басқармасының» мемлекеттік мекемесінің Құрмет грамотасымен, 2022 жылы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ -нің Грамотасын иеленді.
Анар Ахановнаның шәкірттері аудан, облыс, республика көлемінде жүлделі орындар иеленіп жүр. 2023 жылы «Зерде» 2-7 сыныптар арасындағы ғылыми жобаға 6-сынып оқушысы Құрманбек Аймара қатысып, облыста II орын иеленді. 9-сынып оқушысы Ахметдян Жалғас халықаралық конференцияға қатысып, сертификатқа ие болды және баяндамасы жинаққа енді. «Өлкетану сағаты» қашықтық олимпиадасынан 9-сынып оқушысы Маратова Пынар облыста II орынды жеңіп алды. Педагогтың жетістіктері ішінде 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда «Үздік тарих пән мұғалімі» статуэткасы және Куәлігін иеленді. Облыстық вебинарға қатысушы ретінде сертификат, онлайн вебинар ұйымдастырғаны үшін облыстан Алғыс хатпен марапатталды. 9-сыныптың қорытынды аттестаттау материалдарын дайындауға қатысқан топта болып жұмыс жасағаны үшін сертификат алды. «Дүниежүзі мәдениетінің жауһарлары» атты облыстық конкурста «Үздік қысқа мерзімді жоспар» номинациясы бойынша облыста I орынды иеленді.