Акылдина Дария Курмашевна білім беру саласында 40 жылдан астам жеңісті де жемісті еңбек етті

Акылдина Дария Курмашевна білім беру саласында 40 жылдан астам жеңісті де жемісті еңбек етті

ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ТӘРБИЕШІСІ.
Қай кезде де болмасын ұстазды ұлықтаған ұлы халықпыз. Шыбық тіксе, шынар болатын, таяқ тіксе, тал болатын, қыран ұшса, қанаты талатын кең байтақ қазақ даласының небір дарынды дарабоздарын дана еткенде ұстаз. Түркі әлеміне мәшһүр Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» дегендей, ұстазға деген құрметті осы бір сөздің өзінен-ақаңғаруғаболады. Осындай ұлы істің, қызығы мен шыжығы мол мамандықтың иесі болу – үлкен бақыт.
Бақыттың баспалдағын оң аяғымен бастап өнегелі ғұмыр, артына өшпес із қалдырған Акылдина Дария Курмашевна білім беру саласында 40 жылдан астам жеңісті де жемісті еңбек етті. 1953 жылдың 17 қыркүйегінде Жарма ауданы, Даубай руднигінде дүниеге келді. 1960 – 1970 жылдары Қалбатау ауылындағы Абай орта мектебі және Георгивка орта мектептерінде білім алды. Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының физика факультетінде 1970 – 1974 жылдар аралығында білім алып, алғашқы білім саласындағы түндігін ашқан болатын.
Алғашқы еңбек жолын 1974 жылы Екібастұз тау кен инженерлік техникумында бастаған болатын. Халықтың баласын тәрбиелеген адам – халықтың анасына, әкесіне айналады. Талмас жігер мен қайраттың арқасында 1975 – 1994 жылдар аралығында Жаңғызтөбе орта мектебінде физика пәнінен шәкірттерге сабақ беріп еңбек жолындағы алғашқы қадамын жасады. 1995 – 2007 жылдар аралығында №236 орта мектебі директоры, 2008 – 2016 жылдар аралығында К.Шакенов атындағы орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарды. Осындай білім саласындағы өмір жолында жеткен жетістіктерін айтып жеткізу мүмкін емес. 2011 жылы – Әдіскер мұғалім атағын алды. Білім және ғылым Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды.Ұлт тәрбиесімен айналысқан адамның бойынан ізгі қасиеттер табыла білу абзал. Ұстаз болған адам өз алдына мемлкеттен не аламын деп емес, мемлекетке не беремін деп мақсат қойып қызмет етуі шарт. Оқушыларының жетістіктеріне келетін болсақ 5 оқушысы аудандық олимпиадалардың жеңімпазы, 6 оқушысы облыстық, 3 оқушысы республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Половко Сергей халықаралық олимпиаданың жүлдесін алса, Насыров Андрей және Дүйсебаев Серікжан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары.Ұстаздық жолын алдыңғы кезекке қоятын, өзгенің уақытын аялап, өз уақытын аямайтын ұстаздың мәртебесі, алар асуы биік болғай!