Ұлағатты ұстаздар жайында ой толғайтын болсақ, білім берудің барлық сатыларынан өткен, тәжірибелі мұғалім, оқытушы, ұстаздардың ұстазы болған педагогикалық еңбек ардагері Темержанов Білімбек Темержанович

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ.
Ұлағатты ұстаздар жайында ой толғайтын болсақ, білім берудің барлық сатыларынан өткен, тәжірибелі мұғалім, оқытушы, ұстаздардың ұстазы болған педагогикалық еңбек ардагері Темержанов Білімбек Темержанович. 1980 жылдан бері осы Жаңғызтөбе орта мектебінде қызмет атқарып келеді. Білім саласында ардагер ұстаздың қосқан өлшеусіз еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып келді. Алған мақтау марапаты, алғыс хаттары жетерлік. Бірақ адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес. Адамды одан да биік етіп қосымша көрік беретін адамшылық қасиеттері мен игілікті істері болмақ. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.