Матаева Ерке-Гуль Жолыбаевна

Матаева Ерке-Гуль Жолыбаевна

Адам өміріне сәулелі сәт сыйлайтын, баланы балапан кезінен баулыйтын ұстаздың орны ерекше, әркез биікте. Елінің дамуына тамшыдай болса да үлесін қосып, өмір сүрген ортасына, балғын балауса бүлдіршіндерге білім беруде еңбек жолын бастаған, жанға жайлы сөзімен де, ісімен де талап биігінен шыға білген зиялы жандар аз емес. Міне, осындай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде отыз жылға жуық ұстаздық қызмет еткен, абырой мен бедел биігінен көрініп, тағылымы мол, шәкірттерін адамгершілік қасиеттерге баулып келген ұстаздардың бірі – Жаңғызтөбе орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Матаева Ерке-Гуль Жолыбаевна.
Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Өзінің біліктілігімен, іскерлігімен, қай нәрсенің болсын шешімін елгезектігімен, қай мәселенің болсын тұйықтан шығар жолын бірден табар көрегендігімен көріне біліп, шеберлік қырынан танылып келеді. Өзінің еңбек жолында біршама жетістіктерге жетіп, оқушылары аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орын иегерлері болды.
Ұстаздық тәжірибесінде мыңдаған шәкіртті білім баспалдағымен шыңға өрлеткен парасатты педагог өзінің алтын ұясында аяулы жар, ардақты ана. Адами қасиеті бөлек жанымызда жүрген жандарды құрметтеу, қадірлеу, еңбегін танытудың өзі бүгінгі күннің сыйы екенін ұмытпағанымыз абзал.